Текст песни Жүрегіңмен

Дөңгелеңген ғалам
Сыбырлайды маған.
Сені, жарық, жарық жұлдызбен жымыңдаған.

Жіпсіз байланғандай,
Басым айналғандай.
Сенің сиқыр бейнең есімді алатындай,
Терең, терең тым тұңғыйыққа салатындай.

Дүрсілдеген жүрегіңмен-ай
Жүрегімді жанған оттай, жандырма
Көлден ұшқан аққудай
Қанатымды талдырма

Сырын айтып түңгі ай
Санамда тұр тынбай
Елітесің елесіңмен ұйқымды ұрлай.
Мұңға қамалғандай,
Айтшы амал қандай.
Сенің сиқыр бейнең есімді алатындай,
Терең, терең тым тұңғыйыққа салатындай.

Комментарии

Минимальная длина комментария - 50 знаков. комментарии модерируются
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Комментариев еще нет. Вы можете стать первым!