Текст песни Сүндет той

Пай-пай шіркін қараңдаршы ғажап-ақ
Ұлың өсіп тізгіндеді қазанат
Еліне сыйлы болсын үлкен азамат

Намыс, жігер қайрап тұрар бойларын
Бар әлемге танытатын аймағын
Ер болсын елдің желбіретер байрағын

Сүндет той - атқа отырды баламыз
Сүндет той - қоржынға сый саламыз
Сүндет той - мирас қылған бабамыз

Сүндет той - көкке жетіп төбесі
Сүндет той - көптен күткен ел осы
Сүндет той - той біткеннің төресі

Мен де арнамнан бүгін асып-тасайын
Ұлы тойға үлесімді қосайын
Шарықтап шырқап әнмен шашу шашайын

Көрген адам тамашалап қаншама
Еске алысып, қызығатын тамсана
Жұғысты болсын осындай той баршаға

Сүндет той - атқа отырды баламыз
Сүндет той - қоржынға сый саламыз
Сүндет той - мирас қылған бабамыз

Сүндет той - көкке жетіп төбесі
Сүндет той - көптен күткен ел осы
Сүндет той - той біткеннің төресі

Би билейіік, ойнап, ән салайық
Қуанайық, қолдап, қол соғайық
Бір той лайық соған болса лайық
Бүгінгі Ұлы той

Комментарии

Минимальная длина комментария - 50 знаков. комментарии модерируются
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Комментариев еще нет. Вы можете стать первым!