Текст песни Жар назы

Сен маған күнім деші,
Маған қарап күлімдеші
Аяулым де, жақұтым де,
Өмірдегі бақытым де.

Еркелетші, аялашы,
Жылуыңды аямашы.
Көңілімнің гүл бағында,
Бақыт құс боп саялашы.

Сен менің нәрімсің де,
Байлығым, барымсың де.
Бөлінбес жанымсың де,
Аяулы жарымсың де.

Еркелетші, аялашы,
Жылуыңды аямашы.
Көңілімнің гүл бағында,
Бақыт құс боп саялашы.

Сен маған гүлімсің де,
Шуағым, нұрымсың де.
Ақынның қаламынан,
Төгілген жырымсың де.

Еркелетші, аялашы,
Жылуыңды аямашы.
Көңілімнің гүл бағында,
Бақыт құс боп саялашы.

Комментарии

Минимальная длина комментария - 50 знаков. комментарии модерируются
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Комментариев еще нет. Вы можете стать первым!