Текст песни Көргім келмейді

Күз болып қалды
Көңіл дейтұғын көктемде
Мұз болып қалды
Баяғы сезім жоқ менде

Жас тамып қалды
Жадырап қалай күлемін
Тас болып қалды
Мақтадай жұмсақ жүрегім

Енді бізде бәрі өзгеше
Уақыт өзі бәрін емдейді
Сені көрмей тұра алмаушы едім
Енді сені көргім келмейді

Құм болып қалды
Құлады білем жігерім
Мұң болып қалды
Өмірді қалай сүремін

Жоқ болып қалды
Біреуге деген сенімім
От болып жандым
Жұбатар екен мені кім

Комментарии

Минимальная длина комментария - 50 знаков. комментарии модерируются
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Комментариев еще нет. Вы можете стать первым!